$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынғандар ұсталып, жауапқа тартылды

Республика көлемінде “Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

Шымкентте жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынғандар ұсталып, жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Шымкентте жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынудың 8 дерегі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

13-15 қыркүйек аралығында республика көлемінде “Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. 

Адам саудасының алдын алуға және оның жолын кесуге бағытталған маңызы зор шараға Шымкент ҚПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қызметкерлер қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізіп, әуежай, темір жол вокзалы, жалдамалы пәтерлер мен ойын -сауық орталықтарына, сауналар мен қожалық фермаларға тексеру жүргізді.

Нәтижесінде екі күн ішінде жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынудың 8 дерегі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабымен хаттама толтырылды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 48 тұлға жауапқа тартылды. Бұған қоса 43 адам жезөкше есебіне қойылды. 

Серіктес жаңалықтары