$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.09.2023, 12:22
Оқиғалар

Алматы облысында екі бала мен олардың анасы аяусыз өлтірілген

Қатыгездікпен адам өлтірді деген күдікпен қаза тапқан әйелмен бірге тұрған ер адам іздестіріліп жатыр 

Алматы облысында екі бала мен олардың анасы аяусыз өлтірілген

Алматы облысында екі баласы мен анасы аяусыз өлтірілген. Ер адам алдымен оларды өлтіріп, кейін айғақтарды жою үшін үйін өртеп жіберген, деп хабарлайды Azattyq rýhy.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 14 қыркүйекте Іле аудандық полиция басқармасына Ащыбұлақ ауылынан хабар түскен. 

Онда ауылдағы бір үйден өрттен кейін зорлық-зомбылық белгілері бар К. есімді азаматша мен оның екі баласының мәйіті табылғаны айтылған. Олардың жасы: 1981 жылы туған ана, 2010 жылы туған қыз бен 2015 жылы туған ұл.

«Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бүкіл аудандық полиция бөлімшелеріне және көршілес өңір полициясына ақпарат жолданды», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Оның айтуынша, түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүріп жатыр.

«ҚР ҚІЖК 201-бабы бойынша тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды»,- деп атап өтті облыстық департамент басшысы.

Серіктес жаңалықтары