15.09.2023, 09:11
Оқиғалар
Павлодарда жүргізуші бетон тірекке соғылып, қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы Центральная көшесінде болды
Фото ашық дереккөзден
Павлодарда жүргізуші тірекке соғылып, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қыркүйек күні сағат 00.30-да «Металлург» бағбаншылығына қарама-қарсы аумақта «Toyota Camry 40» маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жылу трассасының бетон тірегіне соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттардан оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
