$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.09.2023, 08:46
Оқиғалар

Алматы облысында балабақшада 3 жасар сәби қайтыс болды

Қайғылы оқиға 13 қыркүйекте түскі уақытта болған

Алматы облысында балабақшада 3 жасар сәби қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында 3 жасар сәби балабақша аумағындағы кәріз құдығына құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше, яғни 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында болған.

«Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлағаннан кейін ауылдық ауруханада 3 жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті», - деді облыстық ПД басшысы.

Аталған дерек ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысын мен жеке бақылауыма алдым», - деді Б. Әленов.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары