Алматыда автобус жаяу жүргіншілерді қағып кетті: бір адам көз жұмды

Оқиғаға қатысты сараптамалар тағайындалды

Алматыда автобус жаяу жүргіншілерді қағып кетті: бір адам көз жұмды

Алматыда автобус жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан адамдарды қағып кетті. Екі адамның бірі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«9 қыркүйек күні сағат 09:05 шамасында жолаушылар автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Екінші жаяу жүргінші 66 жастағы әйел қаладағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді», - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Аталған оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде тіркеліп, сараптамалар тағайындалды.

Авторы: Әмірболат ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.