ШҚО-да интернет-алаяқтар тұрғындарды 600 млн теңгеге алдап кеткен

Azattyq Rýhy

Алаяқтықтың негізгі әдісі – онлайн-несие беру

ШҚО-да интернет-алаяқтар тұрғындарды 600 млн теңгеге алдап кеткен
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері банк өкілдерімен өткен кездесуде интернет-алаяқтықпен күрес бойынша ахуалға тоқталды айтты, деп хабарлайды , деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, облыста интернет-алаяқтық фактілері барлық қылмыстың 60 пайыздан астамын құрап, келтірілген шығын 600 миллион теңгеден асқан.

«Талдау көрсеткендей, алаяқтықтың негізгі әдісі – онлайн-несие беру, бұл көбінесе өте үлкен сомаға сенгіш азаматтарға айтарлықтай зиян келтіреді. Алдын ала жоспарланған қылмыстық схемаға сәйкес, ақша шығарып алу тәсілі алаяқтардың өзгелердің жеке деректерін пайдалана отырып, банкоматтар арқылы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып алады және ақшаны ұйымдастырушыларға түрлі тәсілмен аударып жібереді», - деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.