$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.03.2020, 02:09
Оқиғалар

Алматы мен Нұр-Сұлтанда банктер жұмысын тоқтатады

Қаржылық карантин

Алматы мен Нұр-Сұлтанда банктер жұмысын тоқтатады

Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің бірлескен шешімімен Алматы мен Астанада 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында банктер, сақтандыру микроқаржы ұйымдары, ломбардтар, коллекторлық агенттіктер және барлық төлем ұйымдарының барлық бөлімшелері мен филиалдары жабылады. Бұл туралы @FINANCEkaz Telegram хабарлайды.

«Клиенттердің операцияларын үздіксіз өңдейтін, банкоматтардың, терминалдардың, интернет-банкинг және басқа да қашықтықтан басқару жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бөлімшелердің қызметі, сондай-ақ инкассаторлық қызмет, колл-орталықтар өз жұмысын жалғастырады», - делінген хабарламада.

KASE және Орталық депозитарий 9:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Демек, сауда сессиясының уақыты да қысқарады.

«Біздің ақпаратымыз бойынша валюталық сессия 10:15-тен 13:00-ге дейін, бағалы қағаздар 11:30-дан 15:00-ге дейін болады. Реттеушілердің бірлескен бұйрығына қол қойылды, бірақ әлі жарияланбаған. Ресми жарияланым жақын арада болады», - дейді @FINANCEkaz.

Серіктес жаңалықтары