ШұғылCOVID-19: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 150  адамға жетті

27 наурыз сағат 23.15 жағдай

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам Алматы қаласында тiркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 75 адам, Алматы қаласында – 55 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Ақмола облысында - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, жалпы 150 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейтілетінін хабарлады.