$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде бір топ әйелдің үш қызды жабылып соққыға жыққан видеосы тарады

Аталған дерек бойынша полицейлер пікір білдірді

Семейде бір топ әйелдің үш қызды жабылып соққыға жыққан видеосы тарады

Әлеуметтік желіде 8 әйелдің үш қызды жабыла ұрып жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оиғаның Семей қаласында болғаны анықталды.

«2023 жылдың 6 қыркүйегінде Семей қаласында жаға ұстатарлық оқиға болды. 8 әйел 3 қызды жабылып ұрып-соққан. Қыздар қазір бас жарақаты және дене жарақаттарымен, сүйек сынуы және ісіп-көгеру белгілерімен ауруханада жатыр. Қыздарды бірден ауруханаға апарудың орнына, жергілікті полиция 4 сағат учаскеде ұстап отырған», - делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты Абай облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

«Аталған фактіге қатысты орталық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды. Жедел шаралар жүргізілу барысында жанжалдың 21-29 жас аралығындағы қатысушылары анықталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды

Серіктес жаңалықтары