$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорғанда жоғалып кеткен сәби әкесінің туыстарының үйінен табылды

Баланың әкесі сот шешіміне сәйкес әкімшілік қамауға алынған

Талдықорғанда жоғалып кеткен сәби әкесінің туыстарының үйінен табылды
Фото ашық дереккөзден

Талдықорған қаласының полицейлері іздеуде болған 8 айлық сәбидің орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сәби Талдықорған қаласында жекеменшік секторда тұратын әкесінің туыстарынан табылды.

«Қазіргі уақытта нәресте анасының жанында, өз кезегінде ол қалалық полиция қызметкерлеріне бүлдіршінін іздеуге көмектескені үшін шын жүректен алғыс білдірді. Нәрестенің болашақ тағдырын қорғаншылық және сот органдарының өкілдері шешеді», - делінген хабарламада.

Баланың әкесі сот шешіміне сәйкес әкімшілік қамауға алынған.  

Еске салайық, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде сәбидің ізестіріліп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Белгілі болғандай, сәбиді Қаскелең қаласында тұратын 39 жастағы әкесі алып кеткен. Сәбидің анасы бұған дейін отбасылық жанжалдан кейін Талдықорғандағы туыстарының үйіне кетіп қалған.

Кейін белгілі болғандай, ер адам Талдықорғанға келіп, 33 жастағы әйелі мен енесін соққыға жыққан. Артынша ол ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабында (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген құқықбұзушылығы үшін ұсталып, 31 тамызда 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Ал сәбидің анасы кішкентай қызын табуға көмектесу үшін ресми түрде полицияға жүгінген.

Серіктес жаңалықтары