«Семей орманынан» жүк көлігін толтыра ағаш тиеп алғандар ұсталды
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу ісі басталды
Абай облысы Бесқарағай ауданында «Семей орманы» қорығынан жүк көлігін толтыра кесілген ағаш тиеп алып шықпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құқық бұзушыларды полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық жұмыс барысында ұстап алған.
«Бесқарағай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері орман қорының, «Семей орманы» мемлекеттік орман-табиғат резерватының Морозовский бөлімшесі аумағынан ағаштарды заңсыз кесіп әкетпек болған ер адамды тоқтатты», - деп хабарлады облыстық ПД өкілдері.
Тақырыпқа орай: Семейдегі орман өрті: қаза болған 14 адамның аты-жөні жарияланды
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексiнің 378-бабының 1-бөлігі (Билік өкіліне тіл тигізу), 340-бабының 3-бөлігі (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) және188 бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.