07.09.2023, 10:17
Оқиғалар
Түркияда жол апатына түскен тағы бір отандасымыз ауруханада көз жұмды
Марқұмдардың сүйегі елге бүгін жеткізіледі
Фото: trthaber
Түркияда жол апатына түсіп, ауыр халде жатқан тағы бір отандасымыз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Нұрболат Құрмашов екі күн бұрын отбасымен жол апатына ұшыраған. Атыраулық отбасы мінген сафари көлігі жеңіл көлікпен соқтығысқан еді.
Апаттан атыраулық журналист Арайлым Бақытжан мен оның екі жастағы қызы оқиға орнында көз жұмған. Ал қатты жараланған 34 жастағы жолдасы жансақтау бөлімінде жатқан. Бүгін оның да ақтық демі үзілгені туралы қаралы хабар жетті. Олардың 9 жасар ұлы аман қалды.
Атыраулық жас отбасы ұл-қыздарымен Анталья қаласына саяхаттап барған. Марқұмдардың сүйегі елге бүгін жеткізіледі.
Көп оқылған
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты
02.07.2026, 16:29
Жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған: қаза тапқан полицей жайлы тың мәлімет жарияланды
02.07.2026, 12:29
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты