«84 метр артпен жүрген»: Алматыда өздігінен жүріп кеткен автобус жол апатына себепкер болды

Azattyq Rýhy

Апат салдарынан бір адам зардап шекті

«84 метр артпен жүрген»: Алматыда өздігінен жүріп кеткен автобус жол апатына себепкер болды
Фото: zakon.kz

Әлеуметтік желіде жүргізушісі жоқ автобустың артқа қарай жүріп кетіп, жасаған жол апатының видеосы пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында жүргізушісі жоқ, қараусыз қалдырылған №79 автобустың жол апатына түрткі болғаны хабарланған еді. Бұл кезде автобус жүргізушісі дәретханаға кеткен екен.

Кейін полиция хабарлағандай, №79 жолаушылар автобусы Абай даңғылының бойымен шығыс бағытта 84 метр артпен жүрген.  Автобустың соққысына алғаш боп ұрынған Land Cruiser көлігі болды. Ол күшті соққыдан Kia Rio мен Chevrolet Cobalt-қа зақым келтірді. Одан кейін автобус жол қиылысында тұрған Kia Optima көлігіне де соғылды. Апат салдарынан Kia Rio көлігінде болған бір әйел зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.  

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.