31.08.2023, 13:41
Оқиғалар
Оралда көпқабатты үй өртеніп, 2 адам көз жұмды
Өрт сөндірушілердің күшімен 18 адам құтқарылды
видеодан кадр
Орал қаласында көпқабатты үй өртеніп, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 31 тамыз күні сағат 05:19-да Х.Есенжанов көшесі 1/1-мекенжайында болды.
«Өрт сегізінші қабаттағы қосалқы үй-жайдан басталған. Өрт сөндірушілердің күшімен 18 адам құтқарылды. Оған қоса 27 адам эвакуацияланды. Пәтерлердің бірінен улану белгілерімен 1973 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. 1979 жылғы әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. «Тілсіз жау» сағат 06:09-да оқшауланып, 06:34-те толықтай сөндірілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды