31.08.2023, 10:58
Оқиғалар
Сайрамдағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
фото: otyrar.kz
Сайрамдағы тас жолда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Түркістан облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болды. Жазатайым жағдай 28 тамызда түнде, Сайрам ауданындағы Ақсукент-Қарамұрт тас жолында болған. Киа көлігі ЗИЛ көлігімен соқтығысты, деп хабарлады «Жедел шақыру» бағдарламасы.
Жол апатынан Kia көлігінде болған 3 адам оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды