29.08.2023, 16:30
Оқиғалар
Шымкентте жол бойында жеңіл көлік толығымен жанып кетті
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
фото: otyrar.kz
Шымкентте жол бойында кетіп бара жатқан жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті. Оқиға 28 тамыз күні кешкі сағат 7-ден өте болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық ТЖД хабарлауынша, Арғынбеков көшесі бойында «Mersecedes-Benz» маркалы жеңіл автокөлік толығымен жанып кеткен. Өрт сағат 19:36-да оқшауланып, сағат 19:43-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнына департаменттің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды