$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбылда ауыл тұрғынынан 31 келі есірткі тәркіленді

Ұсталған азамат кінәсін мойындады

Жамбылда ауыл тұрғынынан 31 келі есірткі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 31 келіден астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде жедел ақпараттарды жүзеге асыруда 53 жастағы Шу ауданы тұрғынының бақшасынан өсірілген есірткі бұталары мен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 31 келі каннабис, сондай-ақ жалпы салмағы 9,22 грамм кептірілген марихуана және жалпы салмағы 3,15 грамм гашиш есірткісі екендігі анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІҚБ, ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД, ҚР ҰҰ «Бүркіт» АМБ қызметкерлерімен, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппаратын және Теа атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі (Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», – дейді Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Серіктес жаңалықтары