26.03.2020, 22:03
Оқиғалар
Air Astana 29 наурыздан бастап халықаралық рейстерін тоқтатады
Шетелдегі қазақстандықтар чартерлік рейстермен оралып жатыр
Төтенше жағдай режиміне байланысты Air Astana әуе компаниясы 2020 жылғы 29 наурыздан бастап халықаралық рейстерін тоқтатады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
«Жалпы, ағымдағы жылғы наурыздың 1 мен 23 аралығында 37 500 қазақстандық елге жеткізілді. Осы айдың соңына дейін 40 мың адамды елге әкелу жоспарланып отыр»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, шетелдегі отандастарымыз арнайы чартерлік рейстермен елге ұшып келуде. Сыртқы істер министрлігінің ескертуіне қарамастан ақпан айының соңынан бері 400 мыңнан астам қазақстандық шет елдерге шығып кеткен.
Көп оқылған
13.09.2026, 21:23
«Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес»: танымал әнші басына түскен ауыр жағдайды айтты (ВИДЕО)
13.09.2026, 17:34
Өз үйін шатастырып алған: Қосшыда тұрғындардың мазасын алған 46 жастағы азамат ұсталды
13.09.2026, 13:15
Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды
13.09.2026, 07:27
Головкин әлемдік спорт қауымдастығында тағы бір қызметке сайланды