Қарағанды облысында 3 адамның өмірін қиған жол апаты болды

Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 27 тамызда болған

Қарағанды облысында 3 адамның өмірін қиған жол апаты болды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қарағанды облысында 3 адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 27 тамызда кешкі сағат 18:30 шамасында Қарағанды – Аягөз – Бұғаз тасжолында, Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде болған.

«Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, 45 жастағы азаматтың басқаруындағы Toyota Land Cruiser 100 автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды. Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Жол апаттарының негізгі себебі - жылдамдықты арттыру және қарама-қарсы бағытқа шығу. Жол қауіпсіздігі әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке тәртібіне байланысты. Полиция барша жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады», - ескертеді полиция өкілдері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.