$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2023, 23:32
Оқиғалар

Қарағанды облысында белгісіз ер адам 51 жастағы әйелді өз үйінің ауласында соққыға жыққан

Қылмыскердің неліктен шабуыл жасағаны әлі анықталған жоқ

Қарағанды облысында белгісіз ер адам 51 жастағы әйелді өз үйінің ауласында соққыға жыққан
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында ер адам әйелге өз үйінің ауласында шабуыл жасаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тапа-тал түсте белгісіз ер адам 51 жастағы Қарқаралы тұрғынына шабуыл жасаған. Үйінің ауласында қаскүнем әйелдің басына бірнеше рет соққы берген. Осы уақытта әйелдің ұлы бұл жайтты камераға түсіріп, адамдарды көмекке шақырған.

Қылмыскердің әйелге неліктен шабуыл жасағаны әлі анықталған жоқ. Оны қазір полиция іздестіріп жатыр.

«Белгісіз азаматтың Қарқаралы ауданы тұрғынына қатысты жасалған шабуыл дерегі полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары