Алматыны қою түтін мен қолаңса иіс басып қалды

Azattyq Rýhy

Жағымсыз иіске себеп болған өрт сағат таңғы сағат 04:40-та толығымен сөндірілді

Алматыны қою түтін мен қолаңса иіс басып қалды

Алматыға қолаңса иіс тарады. Қою түтін мен жүрек айнытар жағымсыз иістен қала көшелері әлі сейілген жоқ. Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер түнімен қызыл жалынмен алысқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өрт Сүйінбай даңғылының бойындағы қоймалардан шыққан. Қала тұрғындарды жағымсыз иіске шағымданып жатыр.

«Түнгі сағат 01:36-да ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы, Сүйінбай-50 мекенжайындағы  қоймалардағы өртті сөндіруге жіберілді. Сағат 01:44-те оқиға орнына жеткенде өрт ангарда ашық жалынмен 295 шаршы метрді шарпығаны анықтады. Жоғары қызу әсерінен қойманың металл қаптамасы бүгіліп, өрттің көрші қоймаларға тарау қаупі туындады.

Жергілікті жерде өртті сөндірудің екі учаскесі құрылып, өрттің өршіуіне жол бермеу үшін қоймадағы конструкциялар кесілді. Өртті сөндіру ангардың жоғары жанғыш жүктемесімен қиындады»,- деді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт құрылыс материалдары сақталған қоймадан шыққан.

Сондай-ақ жоғары вольтты электр сымдары жеке құрамдағы өрт сөндірушілердің өміріне қауіп төндірген. Мамандар қызыл жалынды таңға жуық бірақ сөндірді. Қалаға қою түтін мен қолаңса иіс тарады.

«Нысан электр қуатынан ажыратылды. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді. Өрт сағат таңғы сағат 04:40-та толығымен сөндірілді. Бұл жерде ТЖД күштері мен жеке құрамның 60 астам адамы, бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта құрылымдарды бөлшектеу және су төгу  жұмыстары жалғасуда»,  - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі  Гүлдана Нұрымбетова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.