Абай облысында «букмекерлік кеңсе» атын жамылған заңсыз ойын бизнесі анықталды

Azattyq Rýhy

Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Абай облысында «букмекерлік кеңсе» атын жамылған заңсыз ойын бизнесі анықталды

Қаржы монитоирнгі агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті «Sport Bar» атауымен «букмекерлік кеңсе» атын жамылған заңсыз ойын бизнесі қызметін облыстық прокуратураның үйлестіруімен тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«STOP Ойын» шарасы аясында облыстық полиция департаментінің «Арлан» арнайы жасағымен бірлесіп, Семей қаласында екі мекенжай бойынша банкноттарды қабылдайтын және қолма-қол ақшалай ұтыс беретін терминалдар, компьютерлер, ақша және т.б. заттай айғақтар тәркіленіп алынды», - делінген агенттік хабарламасында.

Бір топ тұлғаның алдын ала келісімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Айта кету керек, ҚР «Ойын бизнесі» туралы Заңына сәйкес бәс тігуді немесе жүлде беруді қолма-қол ақшамен іске асыратын букмекерлік кеңселер мен лотереялардың кассалары тек қана Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында және Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағында орналастырылуы тиіс.

«ҚМА азаматтарды патологиялық құмар ойындарға тәуелділіктен – лудоманиядан қорғау жұмысын жалғастырады», - деді агенттік өкілдері.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.