25.08.2023, 09:36
Оқиғалар
Шымкентте 6 жасар өгей қызын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Сот-медициналық сараптама тағайындалды
Фото: freepik.com
Шымкентте 44 жастағы ер адам 6 жасар өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды. Инсайдерлік дереккөз хабарлауынша, оқиға 21 тамызда болған, Azattyq Ruhy.
Жаға ұстатарлық оқиға туралы бүлдіршін анасына тек ертеңіне айтқан көрінеді. Себебі әйел денсаулығына байланысты ауруханада болған екен. Сұмдық жайтты естіген келіншек дереу полицияға шағым түсірген.
Полицейлер дереу жедел әрекет етіп, күдіктіні ұстаған. Ер адамның пәтерінен 4 келі марихуана мен пластикалық бөтелкелер табылған. Қазіргі таңда жәбірленуші қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған, деп жазады Otyrar.kz.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)