25.08.2023, 10:44
Оқиғалар
Қостанайда Toyota шағын автобусы бульдозермен соқтығысып, 4 адам қаза тапты
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Фото: Polisia.kz
24 тамызда Қарабұтақ - Қостанай тас жолының 495-шақырымында Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан.
Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемей, жол қозғалысы үшін жабық технологиялық учаскеге барғаны анықталды.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды