23.08.2023, 16:02
Оқиғалар
Түркістан облысында суға батып көз жұмған соңғы он бірінші адамның мәйіті табылды
Марқұм кәмелетке толмаған қыз бала
Фото: Түркістан облысы ТЖД
Түркістан облысында суға батып кетіп, іздеуде болған мәйіттердің соңғысы су астынан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8 кәмелет жасқа толмағандар», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 21 тамызда Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кеткен болатын. Олардың барлығы бір әулеттің өкілдері болып шыққан.
ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы