ШұғылӨңірлерде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты – Біртанов

Кореяда көлігімен бала қаққан қазақстандықтың жаза мерзімі өзгерді

Сот шешімі бойынша Сырым Шәрібек жазасын 1,5 жыл ғана өтейді

26 наурызда Чангвон қаласында Қазақстан азаматы Сырым Шәрібекке қатысты іс бойынша апелляциялық соттың қорытынды отырысы өтті. Сот отырысына қазақстандық дипломаттар да қатысты. Кореядағы ҚР елшілігінің қолдауымен аудармашы қызметі ақысыз негізде ұсынылды. Бұл туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Тыңдау барысында сот бұрын шығарылған үкімді (2 жыл 6 ай) тым қатаң деп санап, бас бостандығынан айыру мерзімін түзеу жұмыстарымен қоса алғанда, 2 жылға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, қорғау тарапының 7 күн ішінде Корея Республикасының Жоғарғы сотына аппеляцияға беру құқығы бар. Аталған уақыт бойы С. Шәрібек тергеу изоляторында болады, ал апелляция болмаған жағдайда Чангвон қаласының түрмесіне ауыстырылады. Жазаны өтеу мерзімі ұсталған сәттен, яғни 2019 жылғы 14 қазаннан бастап есептеледі. Осылайша, жазаның жалпы мерзімі 1 жыл 6 айды құрайды. Біздің отандасымыздың жағдайы жақсы, оның ешқандай шағымы жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, 2019 жылдың16 қыркүйегінде Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда 7 жасар баланы көлігімен қағып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Кейін ол Павлодар қаласында ұсталып, кінәсін мойындады. Жарақат алған балаға операция жасалды.

10 қаңтарда Корея прокуратурасы қазақстандық азаматты 5,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған, алайда сот шешімімен ол 2,5 жылға сотталды. Ал 13 қаңтарда Қазақстан азаматы сот шешіміне аппелияциялық шағым түсірді.

Сұхбат
Малайзиядан  29 наурызда елге оралған туристің хикаясы
Ешқандай әскери дайындықта болмаған азаматтар шақырылып жатқан жоқ
Карантинде отырған азаматтарға психолог кеңесі