БҚО-да 1 млрд теңгеге жуық темекі өнімін заңсыз сатпақ болғандар ұсталды
Заңсыз темекі бұйымдары Қырғызстаннан тасымалданған
Батыс Қазақстан облысында төрт тұрғыны заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін сатпақ болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл деректі ҚМА облыстық департаменті тексеріп жатыр.
«Бір топ тұлғадан жалпы сомасы 967,5 млн теңгеден асатын 1,6 млн қораптан астам темекі өнімдерінің ірі партиясы, сондай-ақ заңыз есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдері тәркіленді. Заңсыз темекі бұйымдарын тасымалдау Қырғыз Республикасынан жүзеге асырылып, Орал қаласында сақталып, сатылған», - делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.
Сот үш айыпталушыны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті, тағы бір айыпталушы 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
«Сот үкіміне сәйкес, тәркіленген барлық темекі мен алкоголь өнімдері жойылуға жатады», - делінген ведомство хабарламасында.