$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2023, 14:10
Оқиғалар

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Кінәлі жүргізуші қамауға алынды

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

18 тамыз күні түнгі сағат 23:30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-нің 102 арнасына жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тас жолы бойында Nissan көлігі қарама қарсы жол бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқаны анықталды.

Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

«ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалды. Кінәлі жүргізуші УҰА қамауға алынды», - делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары