Көлікті жұбайымен бөліскісі келмеген ШҚО тұрғыны полицияға автокөлікті ұрлау туралы мәлімдеді
Алайда қылмыс расталмады

«Көлігім ұрланды» деп жалған қылмыс туралы полицияға шағымданған шығыс қазақстандық азамат сот алдынан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Ұлан ауданында болған. Бұл туралы ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметі айтты.
«Ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған. Әйел көлікті өзіне тиесілі деп санайды, алайда темір тұлпарды көбіне жұбайы басқаратын болып шыққан. Жанжалдан кейін ер адам жалған ұрлықты ұйымдастыруды ойластырған», - деп бөлісті Департаментте.
Ауыл тұрғыны, ҚАЖД мәліметтері бойынша, туысынан автокөлікті гаражға жасыруды өтінді, ал өзі полицияға ұрлық туралы мәлімдеді. Шындық ашылып, Ұлан ауданының тұрғыны қылмыстық теріс қылық жасады деп айыпталды. Жаза ретінде сот бұзушыға екі жыл бас бостандығын шектеуді тағайындады.