11.08.2023, 16:47
Оқиғалар
Павлодарда өрт кезінде ер адам ысты газдан уланып қалды
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Фото: pavlodarnews.kz
Павлодарда өрт кезінде ер адам ысты газдан уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy jблыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 тамызда сағат 18:54-те Катаев көшесі, 34 мекенжайында екінші қабатта орналасқан пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына сегіз техника, 22 өрт сөндіру қызметінің қызметкері және апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері шықты. Пәтерде 15 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздар өртенді», – дейді департаментте.
Тілсіз жау сағат 19:32-де жойылды. 1978 жылы туған пәтер иесі «жану өнімдерімен улану» диагнозымен ауруханаға жатқызылды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті