$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.08.2023, 16:58
Оқиғалар

Ақтауда ер адамның мәйіті табылды

Полиция кісі өлтірген күдіктіні іздеп жатыр

Ақтауда ер адамның мәйіті табылды

Ақтауда ер адамды өлтіріп кетті. Тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ryhy inAktau-ға сілтеме жасап.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, «кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу жүргізуде. Әлеуметтік желілерде қылмыс орнына жедел жәрдем мен полицейлер келген сәтінің видеосы тарады.

«10 тамызда сағат 02:15-те 102 кезекшінің пультіне 16 үйдің алдындағы 32А шағын ауданда төбелес туралы шақыру түсті. Оқиға орнынан дене жарақаты бар 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Күдіктінің жеке басы анықталды, қазіргі уақытта күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Бұл факт ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары