$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында босануға келген әйел перезентхананың терезесінен секіріп кетті

Аурухана дәрігерлері оқиғаны растады

Алматы облысында босануға келген әйел перезентхананың терезесінен секіріп кетті
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында босануға келген әйел перезентхананың терезесінен секіріп кеткен. Суицидке барған әйелдің жанында медбике де болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Пациенттің бұл қадамға баруына отаның сәтсіз жасалуы себеп болуы мүмкін. Дәрігерлердің сөзінше, әйел осымен үшінші рет құрсақтағы сәбиінен айырылып отыр. Оқиға Қарасай ауданының орталығы Қаскелеңдегі перезентханада болған.

«Әйел үшінші қабаттан құлады. Жағдайы бірқалыпты. Үш рет жүкті болған, үшеуінде де сәтсіз аяқталған. Бірінші баласын ішінде жоғалған. Екінші баласын ЭКО-мен көтерген. Жүктіліктің 26 аптасында құрсағындағы сәбиі шетінеп кеткен. Бұл жолы жоспарлы ота жасалды. Үш рет сәбиін жоғалту оңай емес. Терезеден секіргенде жанында медбике болған, дәрісін беріп жатқан. Итеріп жіберіп, секіріп кеткен»,  - деді мекеменің дәрігері.

Оқиға әлеуметтік желіге жарияланды. Жағдайды білуге жергілікті тұрғындар келген. Дәрігерлермен тілдескен Сәуле есімді тұрғынның сөзінше, соңғы уақытта перезентханада оқыс оқиғалар көбейіп кеткен. Оны басшылық жасырып бағады. Келеңсіздікті айтқан қызметкерлерді басшылық қудалауға да алған. Перезентхана қызметкері Ғани Қалдыбайұлының сөзінше, әйел сәбиінің отаға дейін құрсағында шетінеп кеткенін білген.

«Терезеден секірген пациенттің басында қатты жарақат жоқ. Кеше нейрохирургтар тексерді. Екі қолы сынған. Әйел жансақтау бөлімінде жатыр, көре алмайсыздар. Біз қызметкерлерді қудалаған жоқпыз»,  - деді кафедра меңгерушісі.

Серіктес жаңалықтары