11.08.2023, 11:59
Оқиғалар
Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабаттан құлап, мерт болды
Оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды
Фото ашық дереккөзден
Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 10 тамызда сағат 22:35-те Ак.Шөкин көшесіндегі үйде 2019 жылы туған қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.
«Бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Аталған факті тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді департаментте.
Полиция департаментінде қауіпсіздік шаралары туралы еске салады. Терезелерді ашық қалдырмауға, металл торлар орнатуға, баланы тіпті қысқа мерзімге де қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
