Алматы облысында төтенше жағдайға қарамай көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Оқиға 23 наурыз күні Шамалған ауылында болған

Алматы облысында төтенше жағдайға қарамай көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Қарасай ауданында бір топ салт атты өзгелердің өміріне қауіп төндіре отырып, көшеде көкпар тартқан болатын. Әлеуметтік желіге тараған видео көпшіліктің талқысына түсіп, желі қолданушылары карантиндік тәртіпті елемегендерді жапаукершілікке тартуды талап еткен.

«Қазіргі уақытта осы жайтты ұйымдастырған адам анықталды. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жасаған әрекеті бойынша құқық бұзушының қазіргі төтенше жағдайдың ауқымдылығы мен маңыздылығын сезінбегені белгілі. Оның сөзінше, ол көкпарды Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған. Елімізде төтенше жағдай жарияланғанын біле тұра, ол қоғамдық шараға ұйытқы болған. Сонымен қатар, ұлттық ойын елдімекендегі жолдың бойында ұйымдастырылған, яғни ол заңнама талаптарын өрескел бұзу болып табылады», - деп хабарлады Қарасай АПБ бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.

Аталған оқиға бойынша ҚР ӘҚбК 476-бабына сәйкес, яғни «Төтенше жағдай тәртібін бұзу» дерегі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, нақты процессуалдық шешім қабылдау үшін материал ауданаралық сотқа жолданды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.