Қазақстанда 200-ден астам елді мекенде су тасу қаупі бар

Еліміздің алты облысында қардың еруінен жүздеген ауыл зардап шегуі мүмкін

Ақмола, Қарағанды, СҚО, ШҚО, Қостанай және Павлодар облыстарында барлығы 200 елді мекен қардың еріген суынан келетін қатерге дайын болуы керек. Бүгін арнайы брифинг өткізген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин тасқынның алдын алу үшін аймақтардағы су қоймаларының 52% қардың еріген суларын ағызып әкетуге дайынн екенін айтты. Қалған арналарда қардың әлі ерімеуіне байланысты жарылыс арқылы тазалау шаралары қолданылған. Осы күнге дейін су кедергісіз өту үшін 120 рет қолдан жарылыс жасалып, арналарды босату жұмысы жүрзілген.

«Барлық аймақтар министрліктің жіті бақылауында. Ал ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында қардың еріп, судың жүру қаупі алдағы үш аптада күшейеді деп болжанған. "Астана" су қоймасы секундына 10 м.куб қызыл суды жіберуге дайын. Одан тыс коммуналдық мекемелер қаланың ішіндегі арналарды жаппай тазалауды жалғастырып жатыр. Табиғат оқыс мінез көрсетпесе, жоспарға сәйкес бәрі ойдағыдай болады»,-дейді Ю.Ильин.

Министрлік өкілі бұған дейін Қазақстанда 309 ауылдық аумақты су шаюы мүмкін деген болатын. Оның айтуынша қардың еріп, су тасқыны туған жағдайда 9 мың жеке құрам мен 1,5 мың техниканың дайын тұр. Жағдай ушыққан жағдайда оңтүстік аймақтардан қосымша күш келеді.

«Тасқынға қарсы үш жылдық жол картасы әзірленген болатын. Оған республикалық бюджеттен резервке қаражат өткен жылы қарастырылған. Биыл бұл мақсатқа 34 млрд теңге сақтаулы. Қазірге дейін бұл қаражаттың бір тиыны жұмсалған жоқ. Алда болуы мүмкін тасқынның алдын алуға және оның салдарымен күресуге бұл қаржы жетеді деп ойлаймыз»,- дейді вице-министр.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Сұхбат
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты