07.08.2023, 10:08
Оқиғалар
Жазғы лагерьге бара жатқан 13 жастағы бала пойызда қайтыс болды
Өлімнің себептері сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады
Бүгін, 7 тамызда № 625 "Атырау-Астрахань" пойызының жолында 2010 жылы туған бала қайтыс болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Баспасөз қызметінің деректері бойынша, ол бір топ баламен бірге лагерьге бара жатқан. Олардың жандарында төрт тәрбиеші болған. Әр бала өздігініше тамақтанған.
«Пойыз жүргеннен кейін, 1,5 сағаттан соң бала өзін нашар сезінді. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеді, жедел жәрдем шақырылып, Нарын станциясына келді. Келген медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын растады», - делінген хабарламада.
Өлімнің себептері сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады