Шымкентте аса ірі көлемде жалған ақша жасап, есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды

Azattyq Rýhy

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Шымкентте аса ірі көлемде жалған ақша жасап, есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Видеодан кадр

Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласында аса ірі көлемде жалған шетел валютасы мен есірткі заттарын сатумен айналысқан бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тінту кезінде жалпы құны 23 100 АҚШ долларын құрайтын жалған банкноттар, сонымен қатар жалпы салмағы 6 кг болатын оралған гашиш табылып, тәркіленді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Шымкенттің екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген агенттік хабарламасында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», - деп ескертеді мамандар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.