$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.07.2023, 10:18
Оқиғалар

Маңғыстау облысында мектеп есепшісі 76 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Маңғыстау облысында мектеп есепшісі 76 млн теңгеден астам қаржы жымқырған
Коллаж: Azattyq Ruhy / Нұрсұлтан Жорабаев

Маңғыстау облысында прокурорлар облыс орталығының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Прокуратура өкілдері мәлім еткендей,штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды.

«Аталған факті бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу ЭТД-не тапсырылды. Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары