28.07.2023, 08:14
Оқиғалар
Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 27 шілдеде Жезқазған-Қарағанды тасжолында болған
Фото: polisia.kz
Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменінің мәліметінше, қайғылы оқиға 27 шілдеде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында болған.
«Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
«Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді», - деді ПД өкілдері.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды