28.07.2023, 06:50
Оқиғалар
Шымкентте жалаңаш ер адам көшенің қақ ортасында шомылған
Полицейлер ер адамның кім екенін анықтады
Бейнеден кадр
Шымкентте орта жастағы ер адам көшенің қақ ортасында шомылған. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ер кісі Төле би көшесінің бойында жолдың дәл ортасында орналасқан гүл суғаратын су шашқыштан ағып тұрған суға жалаңаш шомылып жүрген. Көп ұзамай полицейлер ер адамның кім екенін анықтады. Ол қазір тұрақты тұрғылықты жері жоқ, 50 жастағы азамат болып шықты.
Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарды әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа жібереді.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды