Шымкентте 2 жасар бала сірке қышқылын ішіп қойған
Дәрігерлер бүлдіршінге шұғыл көмек көрсетіп, сәбидің өмірін сақтап қалды
Шымкенттік дәрігерлер сірке қышқылын ішіп қойған 2 жасар баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, о қиға 11 шілде күні болған. Жедел жәрдем қызметімен улы сұйықтық ішіп қойған 2 жасар бала ауыр халде Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген.
Ата-анасының айтуынша, үлкендердің қарауынсыз қалған сәби үй ауласында ойнап жүріп, абайсызда сірке қышқылын ішіп қойған.
«Ауыр халде ауруханаға жеткізілген баланың ауыз қуысы толықтай күйіп қалғандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Дәрігерлер бүлдіршінге шұғыл көмек көрсетіп, сәбидің өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық. Бала қазіргі уақытта өздігінен тамақтана алады» - делінген ақпаратта.