$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.03.2020, 10:30
Оқиғалар

«Күні-түні бақылайды»: Алматының сыртына тағы 82 бақылау бекеті қойылады

Әкімдер бақылау бекеттерінінің жұмысымен танысты

«Күні-түні бақылайды»: Алматының сыртына тағы 82 бақылау бекеті қойылады

Алматы облысының əкімі Амандық Баталов пен Алматы қаласының əкімі Бақытжан Сағынтаев алып шаһарға апаратын күрежолдарға қойылған блокпостарды аралап, жарияланған карантинге дайындық шараларымен танысып шықты, деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі

«Қапшағай, Талғар жəне Шелек бағытындағы жолдарға орнатылған 27 бекетте құзырлы органдардың мамандары, атап айтқанда, полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігінің əскері, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау, фитосанитария жəне ветеринарлық бақылау департаменттерінің мамандары төтенше жағдайдың алдын алу жолында талмай қызмет етеді», -делінген хабарламада.

Бекеттерді аралап көрген басшылық мамандардың жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасалғанын сұрап білді. Мысалы, мамандар кезекшілігі бірнеше ауысымға бөлініпті. Осыған орай, аймақ басшысы Алматы қаласының шегарасынан шыға берістегі республикалық трассаларға 5 шақырымдық қашықтықта қосымша полиция бекеттері қойылатынын жеткізді. Бұл ең алдымен облыс тұрғындарына қаланың жабықтығын ескерту үшін қолға алынып отыр.

«Орнатылған бекеттерді өз көзімізбен көріп шықтық. Тексеру бекеттері қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Біздің тарапымыздан Алматы қаласынан 5 шақырым радиусқа 82 бекет орнату көзделіп отыр. Олардың бəрі облыс аумағын басып өтетін республикалық трассалар мен елді мекендердің кіреберісіне орнатылады», - деді облыс әкімі.

Карантинге жабылған Алматы қаласының маңындағы жұмыстарға арналған тексеріс осылайша түйінделді.

Серіктес жаңалықтары