05.07.2023, 13:45
Оқиғалар
Қостанайда құбыр ішінен тағы бір адам қаңқасы табылды
Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды
Фото: polisia.kz
Қостанайда тағы бір адам қаңқасы табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, адам сүйектері Мәуленов-Досжанов көшелерінің қиылысында, құбыр ауыстыру орнында табылған.
«Кеше бұл жерден белгісіз екі адамның сүйегі табылған болатын. Оқиға орнында полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастырып жатыр», - делінген хабарламада.
Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
Еске салайық, 4 шілдеде «ҚЖЭК» МКК жұмысшылары құбыр ауыстырып жатып жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінен адам қаңқасын тауып алған болатын.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы