$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.06.2023, 12:09
Оқиғалар

Павлодарда жаяу жүргіншіні трамвай қағып, мерт қылды

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

Павлодарда жаяу жүргіншіні трамвай қағып, мерт қылды
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда жаяу жүргіншіні трамвай қағып, мерт қылды. Оқиға 29 маусым күні сағат 22:27 шамасында болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласының полициясына Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 1965 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

«ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған. Кейін трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», – деді баспасөз қызметінде. 

Осы факті бойынша полиция ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары