28.06.2023, 00:12
Оқиғалар
Қарағандыда ҚАЖД қызметкерлері кәмпитке қақалып қалған сотталған ер адамды құтқарып қалды
Қазіргі таңда сотталған азаматтың денсаулығы бірқалыпты
Бейнеден кадр
27 маусымда Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №29 мекеме жасақтарының бірінде тәрбие жұмысын жүргізуге арналған бөлмеде сотталған ер адамның тамағына кәмпит тұрып қалып, тыныс алу жолдары бітеліп механикалық асфиксия туындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталғандар кәмпитке қақалып қалған қасындағы адамды бірден байқамаған, ол есінен танып құлағанда ғана көмек шақырылған.
«Тұншығып, есінен танып жатқанда сотталған азаматты байқаған Азамат Мергенгожин бірден көмекке келіп, сотталушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі таңда сотталған азаматтың денсаулығы бірқалыпты», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
