$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2023, 10:19
Оқиғалар

Қостанайда субсидияға бөлінген 500 млн теңгені жымқырған күдіктілер ұсталды

Сот оларды 2 айға қамауға алу туралы санкция берді

Қостанайда субсидияға бөлінген 500 млн теңгені жымқырған күдіктілер ұсталды
Видеодан кадр

Қостанайда 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, бір топ жеке тұлға агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша субсидия ретінде бөлінген қаржыны «бөлісіп алған» деп күдіктеледі.

2022 жылдан бүгінге дейін әрекет етіп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен әшкереледі.

«Қылмыстық схема бойынша шаруа қожалықтары шын мәнінде жоқ өнімді қайта өңдеу зауытына жалған жеткізіп, олар үшін субсидиялар төленіп, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар арасында үлестірілді. Ұйымдастырушы мен оның екі сыбайласы қамауға алынып, сот оларды 2 айға қамауға алу туралы санкция берді», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары