ШұғылCOVID-19: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Талдықорғанда көпқабатты үйде жарылыс болды

Оқиғадан екі адам зардап шекті

Фото: баспасөз қызметінен

Талдықорғанда газ-ауа қоспасынан жарылыс болды. Оқиғадан екі адам зардап шекті. Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға екі қызметкер газдың есептеуіш құралын ауыстырып жатқанда болған. Ресми мәлімет бойынша, газ орталықтандырылған жүйеге қосылған. 

«Оқиға Талдықорғандағы «Жетісу» ықшамауданында болды. Бес қабатты үйден 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның алтауы – балалар. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің 21 қызметкері мен жедел жәрдем, полиция өкілдері және 7 техника жөнелтілді», - деп жазылған хабарламада.

ПД баспасөз қызетінің хабарлауынша, зардап шеккен екі қызметкердің жағдайы тұрақты. Ал пәтердің терезелері ғана сынған. Басқа пәтерлерге залал келмеген.