18.03.2020, 00:45
Оқиғалар
Шымкентте банктердің біріне қарақшылық шабуыл жасалды
Полиция қызметкерлері қылмыстың барлық мән-жайын тексеріп жатыр
Фото: polisia.kz
Шымкентте банк бөлімшесіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Polisia.kz. Осы жылдың 17 наурызында банк бөлімшесіне шабуыл жасаған күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 192-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Банктің осы бөлімшесін күзетуді қамтамасыз еткен Күзет агенттігі қызметкерінің жеделдігі мен қырағылығының арқасында күдікті қылмыс орнында ұсталғанын айта кету керек. Енді полиция қызметкерлері қылмыстың барлық мән-жайын тексеріп, егер бар болса қылмыс жасаушы сыбайластарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шараларын жүргізеді», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
18.11.2026, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
18.11.2026, 12:05
Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
18.11.2026, 10:15
Қазақстанда іздеуде жүрген және наркологиялық есептегі 720 мың адам inDrive пен Yandex-те такси қызметін ұсынған
18.11.2026, 14:47
Қонаевта 6-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан екінші қабатына құлап, қаза тапты
Бүгін, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
18.11.2026, 21:42
Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жындыханаға түсті
