$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2023, 16:33
Оқиғалар

Алматылық әйел Қорғаныс министрлігіне жұмысқа тұрғызу үшін 100 мың доллар талап еткен

Алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды

Алматылық әйел Қорғаныс министрлігіне жұмысқа тұрғызу үшін 100 мың доллар талап еткен

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Ол Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымына жұмысқа орналасу мәселесін шешуді сылтауратып, іс жүзінде ниеті жоқ бола тұра 100 000 АҚШ долларын талап еткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сондай-ақ бизнесті қорғау аясында Тараз қаласының тұрғынын алаяқтық және пара беруге итермелеу күдігі бойынша ұстады. Ол мемлекеттік органмен мәселені шешу сылтауымен шетелдік компанияның өкілін жаңылыстырып, жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін 200 000 АҚШ доллары көлемінде ақша қаражатын иемденген», - делінген Антикор хабарламасында.

Сонымен қатар күдікті келісімшартқа қол қойылған жағдайда келісім сомасының үш пайызы мөлшерінде ақша талап еткен.

Ақшаны алғаннан кейін аталған күдіктілер ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары