$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.06.2023, 22:19
Оқиғалар

Қызылордада қураған шөп өртеніп, 6 гектар аумақты жалын шарпыды

Өртті сөндіру барысы қатты желдің соғуына және қолайсыз ауа райына байланысты күрделенді

Қызылордада қураған шөп өртеніп, 6 гектар аумақты жалын шарпыды
Фото ашық дереккөзден

Қызылордада Президент саябағына қарама-қарсы орналасқан Шіркейлі каналының шетіндегі қураған шөп өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы 12 маусымда сағат 14-ден 52 минут өткенде Қызылорда облысы ТЖД-ның «112» пультіне хабарлама келіп түскен.

Өрт орнына өрт сөндірушілер дереу жолға шықты. Өрт сөндірушілердің барлау жұмыстары нәтижесінде оқиға орнында шамамен 6 гектар жер өртеніп жатқандығы анықталды.

«Өртті сөндіру барысы қатты желдің соғуына және қолайсыз ауа райына байланысты күрделенді. Шұғыл қызметтің жедел әрекеттерінің арқасында өрт сағат 17-ден 25 минут өткенде оқшауланып, сағат 18-ден 10 минут кеткенде толығымен сөндірілді. Қызылорда облысының Өрт сөндіру қызметінің, Апаттар медициналық орталығының, Жергілікті полиция қызметі басқармасының, «ҚазТрансГазАймақтың», жергілікті атқарушы органның барлығы 76 қызметкері 17 техникасымен жұмылдырылды», - деп хабарлады Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары